Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, әрбір үмметке: “Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер және тағуттан аулақ болыңдар”, — дейтін елші жібердік» (Нахл сүресі, 36-аят).
Егер сен ширк құлшылыққа араласса оны бұзатынын, амалдарды жойып жіберетінін және пендені Отта мәңгі қалуға дұшар ететінін білсең, мұны білу — сенің ең маңызды міндетің екені енді саған айқын болды.
Құрандағы аяттардың көбісі таухидті түрлі жақтардан, ең сауатсыз адамның өзі де түсінетін сөздермен баяндайды.
Аллаһ Тағала былай деген: «Аллаһқа құлшылық етіңдер де, Оған ешкімді серік қоспаңдар»
Егер сенен: «Раббың кім?», — деп сұрайтын болса [1], сен оған былай деп жауап бер:
«Менің Раббым – мені және бүкіл әлемдерді Өз нығметтерімен тәрбиелеген Аллаһ [2].
Аллаһ Тағала былай дейді: «Расында, Біз Перғауынға елші жібергеніміздей [1], сендерге де куәгер ретінде елші жібердік [2]. Сонда Перғауын (елшіге бағынудан) бас тартты, сол үшін Біз оны қатты ұстаумен
Осы сайтқа кіретіндеріңіздің көбісі Алла - бүкіл нәрсені Жаратушы, адамды да Ол жаратты деп сенеді. Ендеше Ол бізді не үшін жаратты? Не мақсатқа үшін жаратты?
Бауырлар, ширк екі түрлі болады. Үлкен және кіші ширк. Үлкен ширк — ол біреуді немесе бір нәрсені Аллаһқа теңеу. Оттағы көпқұдайшы мүшріктер өздерінің құдайларына не айтатынын Аллаһ тағала Құранда былай баяндайды: «Аллаһпен ант етеміз, біз анық адасуда болыппыз. Сендерді әлемдердің Раббысына теңейтін едік" — дейді мүшріктер (Шұғара сүресі, 97-98-аяттар).